Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығы туралы сөз етті
Алматыдағы резиденцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен және Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің бірінші жартыжылдықтағы экономикалық дамуының негізгі қорытындылары жөнінде айтып, Үкіметтің екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің және валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ әлемдік қаржы нарықтарында қалыптасып отырған ахуалға орай ұдайы болатын қатерлерге талдау жүргізуге баса назар аударды. Қайрат Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің жағдайы, сондай-ақ Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты жөнінде мәлімдеді. Ұлттық банк басшысының мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы бірінші тоқсанда ІЖӨ нақты өсімі 3,8% болды. 2013 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда тауарлар экспорты 10,8 %-ға өсіп, 22,7 млрд АҚШ долларына жетті, ал тауарлар импорты 14,6%-ға төмендеп, 8,7 млрд АҚШ долларын құраған. Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қор мөлшері шамамен 77 млрд АҚШ долларына жеткен. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономиканың даму қарқынын сақтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді