Таразда 4G желісі іске қосылды
Таразда LTE (4G) жоғары жылдамдықты ұялы тарату желісі пайдалануға берілді. Осыған орай, «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков еліміздің халық көп шоғырланған оңтүстік өңіріндегі қаланың әкімшілік орталықтарының барлығы 4G желісімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ, «АЛТЕЛ» Тараз қаласының маңындағы елді мекендерді CSM/UMTS желісіне қосуды жалғастыруға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, 4G желісі Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы Алматы және Астана қалаларында жұмысын бастады. Байланыстың төртінші ұрпағы интернетке ұялы құрылғы арқылы секундына 30 мегабайтқа дейін жылдамдықпен қосылады. Бұған қоса, 4G желісі «Қазақтелекомға» жарты жылда 100 миллион теңге пайда түсірді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




