Басты жаңалық
Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбіде өтеді
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2014
- 883
Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбіде өтеді
Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбі, шілденің 13-де өтеді.
Экс-президенттің мүрдесі қоштасу рәсімі үшін Тбилисидің орталығындағы кафедралдық соборға қойылады. Әзірге оның қайда жерленетіні белгісіз. Эдуард Шеварднадзе 8 шілде күні 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Белгілі саясаткер 1928 жылы туған. Кеңес одағы тұсында Грузия ССР-нің қоғамдық қауіпсіздік министрі, ішкі істер министрі, сыртқы істер министрі сынды өзге де лауазымды қызметтерді атқарған. 1985-1990 жылдар аралығында Кеңес одағының сыртқы істер министрі болды. Ал 1995 жылы Грузия президенті болып сайланады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




