Таразды әлемге паш ететін тарихи кешендер

Таразды әлемге паш ететін тарихи кешендер
ашық дереккөз
Таразды әлемге паш ететін тарихи кешендер
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75962,75963,75967"] Түркияның ең ірі телеарнасының деректі фильміне арқау болмақ «Қазіргі заманғы Жібек жолы» атты деректі фильм түсіру үшін түркиялық режиссер Мехтап Сабунджу бастаған түсірілім тобы Тараз қаласына табан тіреді. Түркілер кеңесі ұсынған Жібек жолының жаңа туристік бағытын айшықтайтын кино картинаны Түркиядағы ең ірі «TRT – АVАZ» арнасы түсірмек. Түркі кеңесі – бүгінгі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты – мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту. Кеңес өткен жылы «Қазіргі заманғы Жібек жолы» халықаралық жобасын ұсынған болатын. Жоба аясында кез келген турист бір сапарда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан елдерін аралай алады. 14 күнге есептелген бағдарлама барысында туристер жергілікті тұрғындардың тіршілігімен, мәдениетімен, тарихи орындармен танысып, Ұлы Жібек жолының бойымен жүріп өте алады. Бұл қанатқақты жобаны жүзеге асыру былтыр туроператорларға арналған екі ақпараттық турдан басталған болатын. Ал екінші сатысында биыл Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттер туралы деректі фильм түсіру жоспарланған. Төрт мемлекет аумағын қамтуды көздеген түсірілім Қырғызстаннан басталып, қазір Тараз қаласында жалғасып жатыр. Өңіріміздегі Айша бибі кесенесі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені және «Төрткүл» ортағасырлық керуен сарайында түсірілім жұмыстары жүргізіледі. Бұл деректі фильм тарихы тереңде жатқан Тараз шаһарына туристердің қызығушылығын арттырып, өңір туризмін дамытуға мүмкіндік беретін болады.

Ұқсас жаңалықтар