Қазақ анимациясы Португалиядағы фестивальде бақ сынайды
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2018
- 625
Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның туындысы «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильм Португалияда өтетін халықаралық фестивальдің негізгі бағдарламасында бақ сынайтын болды. 14-15 қыркүйек күндері Португалияның Порту шаһарында бастау алатын өнер аламаны екінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Фестиваль португалиялық және жаһандық фильмдерді кеңінен насихаттайды. Ұйымдастырушылар үшін басты мақсат – әлемге әйгілі киногерлермен қатар жаңа есімдерді таныту. – Ұлттық фильмнің тұсаукесері әлемдік деңгейдегі кинофестивальде орын алатынына бек қуаныштымыз. «Күлтегін» фильмі – бабаларымыздың жанқиярлық ерлігін, ауызбіршілігін, олардың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін дәріптейді. Күлтегін – тұтас дәуірдің тарихи тұлғасы. Сол себепті батыстық көрермендер қызыға тамашалайды деп сенемін. Қазылар алқасының да көңілінен шығып, жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп ойлаймын, – дейді фильмнің режиссері Адай Әбілда. Осынау туынды шілде айының басында Астана қаласында өткен ХІV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Еуразия жүрегінде» атты байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіліп, көрермендер тарапынан жоғары баға алған.
«Аq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




