Қоғамның жемқорлық фактілеріне қарсы бірлесе күресуге шақыратын «Азаматтық бақылау» жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл жоба іске асса, өз кезегінде тұрғындардың немқұрайлылығын жеңіп, сыбайластыққа қарсы төзбеушілігін арттыратыны анық. Алайда аталған әлеуметтік жоба қалай жүзеге асырылады? Ол қаншалықты нәтижелі болмақ? Осыны саралау мақсатында біз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан алу жұмыс бөлімінің, сондай-ақ «Проф Мед» ЖШС медициналық орталығының жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмейтініне көз жеткізу үшін қызмет алушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесі жоғарыда аталған мекемелердің ішінде алғашқысында – 20, екіншісінде – 24, медорталықта 56 пайыз сыбайластыққа жол беріледі деп көрсетіп отыр. Келтірілген статистикалық мәлімет медициналық орталықтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім екенін байқатты. Жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы қоғамдық бірлестіктің сыбайлас жемқорлық, оның ішінде «тұрмыстық» жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Құпия сатып алушы» тәсілімен іс-шаралар жүргізілуіне түрткі болды. Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың жұмысына жүргізілген мониторинг барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №166 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес, медициналық тексеруден өту, сондай-ақ №083/у нысанды медициналық анықтама алу қажеттігі белгілі болды. Ал медициналық тексеруден өту үшін медорталық дәрігерлерінің оң қорытындысы талап етіледі. Бұған қоса тексеру қорытындысы бойынша облыстық наркологиялық диспансер, сонымен қатар облыстық психоневрологиялық диспансер қызметкерлерінің оң шешімі керек. «Құпия сатып алушы» тәсілімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде аталмыш орталық пен облыстық психоневрологиялық диспансер қызметкерлерінің белгілі бір ақшалай сыйақы үшін тиісті оң қорытынды шығаратыны анықталды. Мәселен медорталықтың дәрігер-окулисі көзі нашар көретінін жеткізген азаматтан 1000 теңге сыйақы алып, оған оң қорытынды шығарып берген. Облыстық психоневрологиялық диспансер қызметкері де осындай әрекеттерге барған. Ол тексерілушіні шақыртпай-ақ, сондай көлемдегі ақшалай сыйақыға психологиялық тест бланкісін өз қолымен толтырып берген. Жоғарыда айтылған фактілер оң қорытынды шығарылған №083/у медициналық анықтамасы, сондай-ақ қоғамдық бірлестік түсірген бейнематериалдармен расталып отыр. Ал анықталған фактілер жөніндегі барлық материалдарды қоғамдық бірлестік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментіне жеткізген. Мониторинг нәтижесінде анықталғаны – медорталықтың мемлекеттік мекеме еместігі және онда мемлекеттік қатысу үлесі жоқтығы. Алайда жоғарыда көрсетілген қызметкерлердің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын бұза отырып, азаматтарды алдау жолымен, заңсыз ақшалай сыйақы алу мақсатында өз қызметтік жағдайын пайдалану көріністері орын алып отыр. Сондықтан қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін аталған фактілерді растайтын материалдар құзырлы органдарға жолданды. Жоғарыда көрсетілген фактілер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топтың 29 маусымдағы отырысында қаралды.
Айжан МӘДІМАРОВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді