Басты жаңалық
«Ақылды» білезік балаларды қадағалауға мүмкіндік береді
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2014
- 648
«Ақылды» білезік балаларды қадағалауға мүмкіндік береді
LG компаниясы KizON дейтін ақылды білезік жасап шығарды. Аталмыш білезік ата-аналарға балаларын қадағалауына мүмкіндік береді. Яғни, осы білезік арқылы балаларының қайда жүргенін бақылай алады. Білезікке 3G, Wi-Fi және GPS сымсыз құрылғылары орнатылған. Бұған қоса, білезік арқылы хабарласу мүмкіндігі бар. Бала біреумен хабарласса, он секундтан кейін ата-анасына автоматты түрде дабыл беріледі. Ата-анасы баласының кіммен байланысқанын, кіммен хабарласқанын алыстан бақылап, сөздерін тыңдай алады. Білезіктің тағы бір қасиеті, шаң мен ылғалды жолатпайтын материалдан жасалған. Бала кез келген ауа райында қолына тағып жүре береді. 400 мАч сыйымдылықтағы аккумуляторы 36 сағат бойы білезікті қуат көзінсіз тағып жүруге мүмкіндік береді. Егер аккумулятордың қуаты 25 пайызға дейін төмендесе, ата-анасы бұл жөнінде дер кезінде хабардар болады. Бұл білезік әзірге Оңтүстік Кореяда ғана сатылады.
Ақпарат көзі: www.islam.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Қытай компаниясы Қазақстанда робот құрастырмақ
- 16 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




