Сұлтан Әбілдаев ғылыми дәрежесін қорғады
Білім және ғылым министрлігінің білім сапасын бақылау комитетінің бұйрығымен М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» институты директорының орынбасары Сұлтан Әбілдаевқа экономика ғылымдарының докторы дәрежесі берілді. Сөйтіп, ТарМУ-дың PhD докторларының қатары тағы да бір ғалыммен толығып отыр. Ғылым жолы оңай емес екені баршаға аян. Сұлтан Таласбайұлы Египеттегі Александрия университетін тәмамдағалы бергі он жылға жуық уақытын осы салаға арнады. Абай атындағы қазақ мемлекеттік университетінде магистратурада, ТарМУ-да докторантурада білімін тереңдетіп, үнемі ізденіс үстінде жүрді. Оның табысқа жетуіне шетелдерде (Қытай халық республикасының Шанхай университетінде, Польшада), 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша мемлекетінде тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтағаны көп көмектесті.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




