Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды
Шілденің 12-13 күндері Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды http://kazakhstanzaman.kz/. «Құрметті астаналықтар, қала қонақтары және жамбылдық жерлестер, достар! Сіздерді ертең басталатын яғни, 12-13 шілде күндері елордамыздың 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!» атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шараларды тамашалауға шақырамыз», – деп жазған. Айта кетейік, бүгін 12 шілдеде Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Қ.Бейсейітов пен Қ.Шандықбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясы мен А.Коровкинның «Тетки» комедиясы сахналанады. 13 шілдеде мәдени іс-шаралар «Қазанат» ипподромындағы Этноауылда жалғасады. Онда мемлекеттік филармонияның ұжымы өнер көрсетіп, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы Амфитеатрда мерекелік гала-концерт өтеді.
«Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады. Барлық іс-шараларға кіру тегін. Мыңжылдықтар мұрасы көне қаланың ыстық сәлемін қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызды асыға күтеміз», – деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
№5 Модуль «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»
- 12 наурыз, 2026
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




