Өткен 5 айда Қазақстанның ұн экспорты 765,4 мың тоннаға өсті
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2014
- 880
Кеден одағы елдерін есепке алмағанда, Қазақстан 2014 жылдың қаңтар-мамырында ұн экспортын 765,4 мың тоннаға ұлғайтып, 223,7 млн. долларға жеткізді. Бұл 2013 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда экспорт мөлшері жағынан 25,1 пайызға және бағасы жағынан 11,3 пайызға артық. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстаннан ұнның ірі экспортын алушы елдер арасында Өзбекстанға 94,9 млн. долларды құрайтын 376,7 мың тонна ұн жөнелтілген. Мұндағы өсім былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары. Сонымен қатар, Ауғанстан өткен 5 айдың ішінде Қазақстаннан 265,9 мың тонна ұнды 88,5 млн. долларға экспорттап отыр.
Бұдан бөлек, Тәжікстанға - 73,4 мың тонна, Қырғызстанға 25,4 мың тонна, Түркіменстанға 21,7 мың тонна ұн экспортталған.
Қазақстандық ұнды шағын партиямен сатып алғандар арасында Моңғолия - 1490 тонна, Молдова - 440 тонна, Әзербайжан - 136 тонна, Қытай - 82,6 тонна, Грузия - 68 тонна және Нидерланды мен Біріккен Араб Әмірлктері 20 тоннадан алып отыр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




