Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ
Ресейлік режиссер Юрий Александров опера-митинг деп аталатын жаңа опера жанрын ойлап тапты. Оның ерекшелігі музыкалық-драмалық қойылымға көрермен де қатысады.
Театр әкімшілігінің хабарлауынша, "Санкт-Петербургъ Опера" театрында ерекше қойылым, «Крым» операсының премьерасына дайындық жүріп жатыр. Қойылым идеясының авторы, режиссері - театрдың шығармашылық жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Юрий Александров.
«Айта өту керек, бұл жерде басты назар аударатын мәселе - Ю.Александров жаңа опера жанрын жасаушы болып отыр» делінген хабарламада.
«Крым» опера-митингісінде көрермен драмалық шығармаға қатыса отырып, тарихи оқиғалардың куәсі болмақ. Шығармада орыс-түрік соғысы, Ұлы Отан соғысы және бүгінгі «Майдан» оқиғасы баяндалады.
«Біз спектакльде қазіргі кездегі оқиғаларға шығармашылық көзқараспен қараймыз. Оның мазмұны - қарапайым адамдар туралы. Олардың үндемей қалуға болмайтын жан жарасы жайында. Қойылым жүректерді тебірентіп, адамгершілік сезімді оятады деген үміттемін», - дейді Ю.Александров.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




