Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала аумағында жаңа әкімшілік-территориялық аудан құру туралы шешім қабылданып, оған Наурызбай батырдың есімі берілді. Жаңа ауданның жер көлемі 6 976 гектар болса, халық саны әзірге 157 мың адам.
Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, бұл шешім қала аумағы тағы да 23 200 гектарға кеңейтіліп, қала халқының саны 1 миллион 665 мың адамға жеткеннен кейін қабылданған қажеттілік. Сол себепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы аумағында жаңа аудан құру туралы ұсыныс жолданған. Қалалық мәслихаттың шешімімен бұрын қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болған Қуаныш Қашқынбаев аудан әкімі болып сайланды. Сондай-ақ, қала бюджетінен жаңа ауданның құрылыс жұмыстары мен жолдарын жөнге келтіру үшін 3,3 миллиард теңге бөлінген.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




