«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік туды 

Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік туды 
ашық дереккөз
Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік туды 

Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынасында тағы бір қадам жасалды. Енді Қазақстан банктеріне Өзбекстанның қаржылық нарығына кіруге мүмкіндік бар.

Алматыда ҚР Ұлттық банкі мен Өзбекстанның орталық банкі арасында «Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы» келісім жасалды. Ресми құжатқа Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен Өзбекстан орталық банкі төрағасының орынбасары Тимур Имашев қол қойды. Бұл құжат талаптарына сәйкес, еліміздің екінші деңгейлі банктері көрші ел аумағында трансшекаралық мекеме құруға мүмкіндік алады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Ең бастысы, біз банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу жөнінде келісімге келдік. Бұл Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік береді. Бұған дейін еліміздегі бірқатар банк Өзбекстанда жұмыс істеуге ниет білдірген. Осы келісімшарт ережелері мен талаптары соған жол ашып отыр.

ақпараткөзі:24.kz

Ұқсас жаңалықтар