Елбасы ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» айтылған «7-20-25» бағдарламасы «өз үйім, өлең төсегім» болса дейтін мыңдаған қазақстандыққа үміт сыйлағаны белгілі. Өткен аптада ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында өткен баспасөз-конференциясы барысында аталған банк филиалы директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрғандығын, маусым айында ҚР Парламенті заңнамаға Бағдарламаны тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдағандығын тілге тиек етті. Нұрлан Маханбетұлы басқосуда «7-20-25» Бағдарламасы басқа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың аясында едәуір ерекшеленетініне тоқталды. Оның айтуынша, халыққа 7 пайыз төмен мөлшерлеме бойынша берілетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін мерзімімен ипотекалық несие алудың теңдессіз шарттары ұсынылады. – Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада беріледі және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алады. «7-20-25» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қаржыландырудың жоқ екендігі болып табылады. Бағдарламаны қаржыландыру кредиттік ресурстардың тез қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда барлық дайындық жұмыстары аяқталды, екінші деңгейдегі банктермен келісімдер жасалды. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында бірінші заемдар берілді. Бұдан әрі халық және БАҚ өкілдері бағдарлама бойынша сұрақтармен өзінің ресми интернет-ресурсын және Сall-орталығын іске қосқан «Баспана» ипотекалық ұйымына жүгіне алады, – деді ол. Жиын соңында аталған бағдарламаның шарттарына тоқтала кеткен Нұрлан Берікбосынов қарапайым тұрғындар жақында ғана іске қосылған www.baspana72025.kz сайты арқылы өздеріне қажетті ақпаратқа қол жеткізе алатынын айтты.
Есен ӨТЕУЛИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді