Еңселі елордамыздың туған күні еліміздің барлық тұрғындары үшін тамаша думанға толы болды. Астана мерекесін барлық өңірлер кең көлемде тойлады десек, тарихи Тараз тұрғындары да бұл күнді ерекше көңіл-күймен атап өтті. Ақшам ҚР Тұңғыш Президенті саябағына ағылған халықта есеп болмады. Онда тараздықтар үшін «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік концерт қойылып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында елімізге, өңірімізге белгілі өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, жиналғандарға демалыс сыйлады. Оңал Азаматова, Ғани Мәтебаев және өзге де эстрада әншілері әннен шашу шашса, бишілер мың бұрала билеп, көрерменнің көңілінен шықты. Мерекелік шара көпшіліктің кешкілік серуендеуіне тамаша мүмкіндік беріп, қонақтарды шат-шадыман күйге бөледі. Саябақта балалар мен үлкендердің ойын-сауық құрып, демалуына барлық мүмкіндік болды. Сондай-ақ Жамбыл жастарының Астана күніне тартуы ретінде қолөнер және сурет көрмесі жұрттың назарына ұсынылды. Думанды кеш қызылды-жасылды отшашуға ұласты.
«Aq jol-Ақпарат».
Суреттерді түсірген Юрий КИМ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді