Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Нұрғали Нүсіпжановтың шығармашылық концерті өтті. Көпшілік алдында тебірене сөйлеген әнші әр шығармасының тарихын айтып, тыңдармандарымен сырласып отырды.
Нұрекең концертін Әсет Бейсеуовтің әндерімен бастады. Әсіресе «Батыр Бауыржан» әні жүректерді толқытты. Содан соң Шәмші Қалдаяқовтың әндері орындалды. Вальс королінің «Арыс жағасында», «Теріскей» әндерін тыңдармандар әншімен бірге орындап, ғажайып әсерге бөленді. Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы Мыңжасар Маңғытаевтың «Сағыныш», Болатбек Әбішевтің «Елбасы» әндері жүректен шығып жүректерге жетті. Концерт Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім!», «Алатау» әндерімен қорытындыланды. Әсіресе барша адамды рухтандыратын «Өз елім» шырқалғанда барлық тыңдарман орынынан тік тұрып, ұзақ қол шапалақтады. Тыңдармандар ғажайып композитор Нұрғисаға, оның әнін бүгінгі буынға жеткізіп жүрген Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға шынайы құрметтерін осылай білдірді. Кеш соңында университет ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, Астана тойына арнап концертін ұсынған Нұрғали Нүсіпжановқа шынайы алғысын айтып, аңыз әншіні «М.Дулати атындағы «Үздік табыстары» үшін төсбелгісімен марапаттады. Нұрғали Нүсіпжанов өзіне көрсетілген құрмет үшін университет ұжымына алғыс білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




