«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Егіншілер екі білегін сыбанып отыр

Егіншілер екі білегін сыбанып отыр
ашық дереккөз
Егіншілер екі білегін сыбанып отыр

Байзақ ауданындағы «Достық-99» шаруа қожалығы облыста алдыңғы қатарлы агроқұрылымдар санатында. Құрылғанына 15 жыл болған бұл ұжым аяғынан нық тұрып келеді. Бұл, әрине, ұйымшылдықтың арқасы. – Бізде тұрақты 21 адам жұмыс істейді, – дейді ШҚ жетекші Бөгенбай Битабаров. – Орташа айлық жалақы – 65 мың теңге. Ал, егін орағы науқанында бірқатар комбайншылар 250-300 мың теңгеге дейін алады. Ол енді астықты төкпей-шашпай жинап алуымызға байланысты. Қожалықтың иелігіндегі 320 гектар күздік бидай мен 400 гектар арпаны уақтылы жинап алу мүмкіндігі бар. Егін орағына бір «Енисей», екі «Нива» астық комбайндары сақадай-сай дайын тұр (суретте). Екі «Ниваның» біреуін жуырда ғана «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен лизингтік несиеге сатып алған. Олардан бөлек 2 трактор, 4 тіркеме астық тасымалын тоқтаусыз қамтамасыз ететін болады. Егін орағы кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары қатаң сақталуы көзделген. Шаруашылықта мақсары – 320, бақша – 40, жоңышқа – 90, пісте – 25, жүгері – 46 және пияз 4 гектар алқапқа орналастырылған. Бәріне де агротехникалық талаптарға сай күтім жасалуда. Науқандық жұмыстар кезінде механизатор кадрларының жетіспеушілігі сезілуде. Қожалық ол мәселені де жергілікті азаматтар есебінен шешпек.

Досжан Ерубаев, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар