Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы өнер және демалыс саябағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Астана!» акциясы өтті. Жиналғандар алдында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Рано Убайдуллаева сөз сөйлеп, көпшілікті елорданың 20 жылдығымен құттықтады. Мұнан соң «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының ұжымы ұлттық нақыштағы әндерімен жүректерді тербеп, көңілдерді баурады. «Барбанг» күрділер қауымдастығы мен «Айнұры» татар-башқұрт этно-мәдени қоғамдық бірлестік өкілдерінің өнері де жиналғандардың көңілінен шықты. «Нұр-шашу» би ансамблінің қыздары мың бұрала биледі. Биші қыздардың өнеріне де көпшіліктің құрметі ерекше болды. Кейін шараға қатысушы балалар «Бәйтерек» бейнесіндегі шарларға игі тілектерін жазып, аспанға ұшырды, содан соң тәтті дәмнен ауыз тиді.
Е. Жаңабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




