Қазақстан халқының саны 17 млн. 264,6 мың адамнан асты
2014 жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17 млн. 264,6 мың адамнан асып, жыл басынан бері 0,6 пайызға артты. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарлады.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы жыл басынан бері 23,6 мың адамға артып, 2,757 млн. адамға жеткен. Халық саны Алматы облысында - 13,2 мыңға өсіп, 1,998 млн. адамға жеткен. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында - 7,7 мыңға артып, 595,1 мың адамды, Жамбыл облысында 6,5 мыңға артып, 1,091 млн. адамды, Ақтөбе облысында 5,7 мыңға артып, 814,6 мың адамды, Қызылорда облысында - 5,8 мыңға артып, 745,6 мың адамды, Атырау облысында - 5,5 мың адамға артып, 573,4 мың адамды, Қарағанды облысында 2,6 мыңға артып, 1,372 мың адамды құраған.
Сонымен бір мезгілде, Солтүстік Қазастан облысы халқының саны соңғы 5 айда 1,2 мың адамға төмендеп, 574,6 мыңды құраған. Ал Астана халқының саны жыл басынан бері 17,6 мыңға өсті және 831,9 мың адамды құрады. Алматы қаласының тұрғындары 12,5 мыңға артып, 1 млн. 520 мың адамға жеткен.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




