оны қайта өңдесе табыс та түседі, экология да жақсарады
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек» деп атап көрсеткені белгілі. Яғни өңірлер мен аймақтарда қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырылуы қажет.
Қалдықтарды басқарудың тиімділігін арттыру бағытында Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен арнайы белгіленген «ӨКМ (Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) операторы» компаниясы арқылы ескі автокөліктер одан әрі жойылу үшін жинақталуда. Былтырдың өзінде облыс тұрғындары 2928 ескі автокөліктерін өткізді. Тараз қаласындағы 317 тұрмыстық қатты қалдық уақытша сақтау алаңдарында пластмасса және пластикалық бұйымдар үшін 347 торлы контейнер қойылды. Жарамсыз, құрамында сынабы бар электр шамдары, химиялық қуат көздері мен батареялар үшін 30 жабық контейнер орнатылды. Осындай 76 жабық контейнер шағын қалаларда да бар. Қазір өңірдегі 316 елді мекенде 167 тұрмыстық қатты қалдық жинақтайтын полигон бар. Олардың 10-ы ғана арнайы талаптарға сай жасақталып салынған. Қалғаны қарапайым қоқыс жинауға арналған алаң деңгейінде. 97 полигонның қарапайым қоршауы да жоқ. Дегенмен бұл полигондардың барлығы заңнама талаптарына сай нормаланып, экологиялық эмиссиялары белгіленген. Бүгінде жалпы халықтың 92,6 пайыздан астамы осы қызметтің түрімен қамтылып отыр. Биыл жыл басынан барлық аудандар мен Тараз қаласында облыстық прокуратураның ұйымдастырумен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау кезінде заңдылықтың сақталуы тексерілді. Нәтижесінде кездейсоқ қоқыс төгу, полигондардағы қалдықтарды өртеу, кейін жою қорларын құрмай пайдалану, қалдықтарды дұрыс есепке алмау сияқты фактілер кездесті. Аталған фактілер бойынша 276 әкімшілік іс қозғалды. 253 іс бойынша 14,2 миллион теңге айыппұл салынды. Осы мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылдың 17 мамырында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару ережелеріне қатысты кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді. Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қатысты. Мұндай кездесулер облыс әкімінің орынбасары бекіткен кестеге сәйкес ауылдық округ әкімдерінің, прокуратура және жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен барлық аудандарда осы жылдың 24 мамыр – 12 маусымы аралығында өтті. Кездесулерде полигондарды заңнама талаптарына сай рәсімдеу және жабдықтау үшін белгілі бір мөлшерде бюджеттен қаржы қажет екендігі айтылды. Сонымен бірге ауылдық жерлерде қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпорын белгілеу, тиімді басқару үшін полигондарды өзара жақын елді мекендер арасында ықшамдап, ауданда бір ғана кәсіпорынның иелігіне өткізу мәселелері көтерілді. Ауылдық округтердің әкімдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 3-тармағына сәйкес елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ жасыл екпелерді жойғаны және бүлдіргені үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. Алайда әкімшілік деректер базасының болмауына байланысты әкімшілік жазалар қолдану жұмыстары жүргізілмей отыр. Былтыр жалпы 75 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылса, оның 57 мың тоннасы Тараз қаласынан тасылды. Жыл ішінде оның 2,2 мың тоннасы ғана қайта өңделді. Жалпы полигондарда 2,9 миллион тоннаға жуық қоқыс жатыр. Қазір экология департаменті тарапынан қалдықтарға қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешудің өңірлік жүйесін қалыптастыру үшін облыста қалдықтарды басқарудың арнайы концепциясын жасауға ұсыныстар әзірленуде. Онда жоғарыда аталған қалдықтар жөніндегі проблемалардың барлығы қамтылып, бірқатар түйінді мәселелер шешімін табатын болады.
Қанатбек МӘДІБЕК, облыс бойынша экология департаментінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді