Е. Лигачев: ЕАЭО - жаңа тарихтың соңғы жиырма жылдығындағы айтулы оқиға
- author «Ақ жол»
- 9 шілде, 2014
- 216
Мемлекет басшысы атына Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысының өтуіне және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты үнқатулар мен құттықтаулар толассыз келіп түсуде.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әйгілі кеңестік және ресейлік мемлекет қайраткері Е.Лигачев өз хатында шартқа қол қоюдың маңыздылығына тоқталған. «Бұл жаңа тарихтың соңғы жиырма жылдығындағы айтулы оқиға екені күмәнсіз. Біздің елдеріміздің халқы өз тұрмыстары мен болашағы турасындағы қамқорлықты айқын сезіне бастады», - деп жазады автор. Батыс Қазақстан облысының бірқатар ұйымдарының басшылары - «Зерде-Память» ҚҚ төрағасы Қ.Төлебаев, Орыс мәдениеті орталығының төрағасы С.Погодин, «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Беляев және «Информбиржа news» газетінің шеф-редакторы С.Кульпин де Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға қатысты өз қолдауларын білдірген. «Шартқа қол қою барлық мәселелерді табысты шешудің сенімді әрі жарқын мысалы болды, оған қатысушыларды бірігуге деген шынайы тілек, жан-жақты халықтық қолдау алға жетелейді. Қабылданған тұтас бір дәуір құжатының өміршеңдігіне жұрт толық сенеді», - дейді хат иелері. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қабылдануына байланысты құттықтаулар Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюшылардың қоғамдық ұйымдары өкілдерінен және өзге де бірлестіктерден келді. «Біз еуразиялық ықпалдастық идеясын толық қолдаймыз, ол жаһандану заманында халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді және әлемдік нарықта табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік береді, - делінген жеделхатта. Өз жеделхатында музыкатанушы, журналист Л.Мұхамеджанова Мемлекет басшысына қажырлы еңбегі мен елге және бүкіл Қазақстан халқына адал қызметі үшін алғысын білдірген, ал, Алматы облысының тұрғыны С.Мұхаметрахимов Қазақстан Президентінің еуразиялық ықпалдастықты дамыту үдерісіндегі айрықша рөлін атап өткен.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді