«Aq jol» газетінің 2018 жылдың 9 маусым күнгі санында газет тілшісі Амангелді Әбілдің Тараз қаласы әкімінің №4 округіне қарасты мекендердегі өзекті мәселелерді қозғаған «Қайраңда қалған кемедей қайран мекен» атты сын мақаласы жарияланған болатын. Осы мақалаға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдан жауап келді. Онда былай делінген: «Aq jol» газетінің 2018 жылғы 9 маусымдағы №66 санында жарияланған «Қайраңда қалған кемедей қайран мекен» атты мақаласына орай келесіні хабарлаймыз: Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімдігінің №4 аумақтық округі бойынша «Барысхан» тұрғын алқабына 600 орындық мектеп және 280 орындық балабақша құрылыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. 2019 жылға жоғарыда аталған нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаражат қарастыру үшін облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Сонымен қатар «Барысхан» тұрғын алқабын сумен және электрмен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды». Хаттар және ақпарат бөлімінен: Біз қала әкімінің орынбасарының өзекті мәселені көтерген мақалаға қайтарған жауабын бір сөзінде өзгертпей жариялап отырмыз. «Тілшіге тығыз тапсырма» айдарымен берілген мақалада «Барысхан» тұрғын жай алқабында құрылыс жұмыстарының қарқын алып жатқаны бір ауыз сөзбен түйінделіп, «инфрақұрылым желілері кезең-кезеңмен тартылып жатса керек» делінген. Мәселенің үлкені «Қарасай» тұрғын жай алқабында еді. Онда мектеп, балабақша, медпункттің жоқтығы және ауызсу құбырының тартылмағаны, қоғамдық көлік қатынасы сөз болған.Сондай-ақ «Қант кенті» мен «Тектұрмас» тұрғын жай алқабындағы біраз кемшіліктер де айтылды. Алайда жауапта тығырықтан шығу үшін қандай шара қолға алынатыны туралы бір ауыз сөз жоқ. Сондықтан газетте көтерілген мәселер ол жерде әл-әзір шешіле қоймайтын сияқты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді