Бүгінде қаламыз күннен-күнге көркейіп келеді. Оны ақпарат құралдары арқылы оқып, біліп отырмыз. Бірақ кейбір көшелердің тозығы жетіп, жөндеуді қажет етеді. Біз тұратын жер оңтүстігімізде темір жол вокзалы, күн шығысында «Зербұлақ» көлі – жазда тұрғындар шомылатын, демалатын орын. Солтүстігімізде 6- мөлтек аудан, батыс жағымызда бірнеше мейрамхана және №20, 40 мектептер, балабақша, бастауыш және спорт мектебі орналасқан. Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырғаным, инфрақұрылым жүйесі бар аумақта жолдың жоқтығы. Мысалы осы аудандағы Опытный көшесіндегі №19 үйге дейін ғана асфальт төселген. Одан ары қарай №44 үйге дейін көшенің бәрін шаң басып жатыр. Түркістан көшесінде де осыған ұқсас жағдай. Асфальт тек №18 үйге дейін ғана төселген. Западный, Кондратьев көшелерінің де жайы осындай. Жақында газ құбырын жүргізіп, жолдың астаң-кестеңін шығарды. Осы ауданның тұрғындары жазда, жел тұрса шаңға көмілеміз. Көктем, күз, қыс айларында аяғымызға керзі етік киюге тура келеді. Неге десеңіз, жаңбыр, қар жауғанда батпаққа белшемізден батамыз да қаламыз. Айта берсек, шешілмей жатқан мәселе көп. Опытный көшесіне бейнебақылау орнатамыз, бейберекет өскен ағаштарды ретке келтіреміз деп еді, ол да орындалмады. Көшелердегі жарық мәселесі де көкейкесті. Қаланың әкіміне арыз жазғанымызда бәрін ретке келтіреміз деген, бірақ әлі күнге дейін орындалмады.
Барат МЫҢБОСЫНОВ, зейнеткер.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді