ҚР-дағы «КНАУФ» компаниясының төрағасы Димитри Пропп білікті мамандарды даярлау бағдарламасы ретінде қосарлы білім беруді одан әрі дамыту перспективалары туралы айтып берді. «Бейкер және Макензи» бөлімшесінің директоры Куртис Мастерс пен «Эрнст энд Янг» компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков Еуропа елдерінде кәсіби-техникалық білім беруді дамыту тәжірибесімен бөлісіп, үнемі дамушы заманауи қоғам жағдайында адам капиталын арттыруға арналған басқа да құралдар туралы әңгімеледі.
Сарапшылардың пікіріне сәйкес, адам капиталын дамыту мәселесі ШИК ҚА негізгі міндеттерінің бірі. Бұдан өзге, соңғы кездері бұл мәселе елді дамытудың және әлемдік экономикалық аренада көркейтудің міндетті шарты ретінде анықталған. Атап айтқанда, адам капиталын дамыту бүкіл қоғамның әлеуетін арттыруға, сондай-ақ жалпы алғанда ел ресурсын кеңейтуге әкеледі. Өз кезегінде, Еуразия тобының бақылау кеңесінің мүшесі С. Темірғалиев, «Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық ассоциациясының» директоры Ж. Байдашева инновациялық технологияларды енгізу және экономиканы цифрландыруды ескере отырып, ЖОО және кәсіби білім беруді жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.
ШИК ҚА ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің (ШИК) шетелдік мүшелерінің бастамасымен шетелдік тараптан Кеңестің ресми хатшылығы мен қызметін үйлестіруші ретінде құрылды. Ассоциация Кеңес мүшелеріне тұрақты ұйымдастырушылық, үйлестірушілік, ақпараттық және техникалық қолдау көрсетеді. Қазақстандық тараппен бірлесіп ҚР Президентінің төрағалығымен Кеңестің аралық және пленарлық отырыстарын жоспарлаумен және ұйымдастырумен айналысады. Өз мүшелері атынан ШИК ҚА сонымен қатар ҚР Үкіметі өкілдерімен, мемлекеттік құрылымдармен, шетелдік компаниялармен, дипломаттық корпуспен, бизнес ассоциациялармен т.с.с. әріптестік қарым-қатынас орнату бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Қарастырылған мәселелер бойынша Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев түсінік берді, ол ШИК ҚА мүшелеріне профессорлық-оқытушылық құрамды онлайн оқыту саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
«Егер мегатренд туралы айтар болсақ, қазір оқытудың ең жылдам әрі қуатты тренді - бұл онлайн оқыту. Біз пысықталған жаһандық ресурстарды пайдалана отырып, кадрларды, мұғалімдерді толық онлайн даярлауды енгізіп, өзіміздің қазақстандық open-university құрғымыз келеді. Бұл қымбат болмайды, бұл өте қолайлы және қолжетімді, білім беру сапасы да біз ойлағаннан артады. Қазір бұл жұмыстарға кірісіп те кеттік, мұны бір жыл ішінде бітіруіміз керек. Оқытушыларды онлайн оқыту бойынша бұл аймақта бірінші болғымыз келеді», - деді министр Е. Сағадиев.
Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ҚР БҒМ Ассоциациямен барлық мәселелерді пысықтап, адам капиталын арттыру бойынша бірлескен жұмыстарды жоспарлауды тапсырды.
ақпарат көзі:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді