Астана мәңгі құтты орда!
Тәуелсіздіктің таңдары
Тамылжып тұнық атқанда,
Кеткенімізді келтіріп,
Төккенімізді толтырып,
Жарылқағанда көкте Алла,
Күн астында құлпырып,
Қиядағыға ұмтылып,
Қырандай қанат қаққанда,
Армандап жеткен осынау
Оңтайлы, сәтті шақтарда
Тәуекел етіп тоқтамға,
Отанын сүйген Елбасы
Орда қонысын тапқанда,
Аспанның астын жайнатып,
Астана – шаһар соққанда,
Өз жүрегімізден өткізіп,
Өз қолымызбен тұрғызып,
Жасыл орманмен белдеулеп,
Безентіп гүлмен қырмызы,
Махаббатымызбен толтырып,
Мемлекетіміздің жұлдызын
Арқа төсіне жаққанда! –
Көсіліп сұлу жағасы,
Есіліп Есіл аққанда,
Тақырдың бетін гүл етіп,
Табанымыз тиіп мақпалға,
Төбеміз тиіп бұлттарға,
Төңірегіміз көрініп,
Төскейге шауып шыққанда,
Реңімізді кіргізген,
Бөрілігімізді білгізген
Қазақтың қайсар намысы –
Астана мәңгі құтты орда!
Күләш АХМЕТОВА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




