екі күнде 1010 мектеп бітіруші 100-ден жоғары балға ие болды
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні артта қалды. Әзірге жамбылдық түлектердің нәтижелері жаман емес. Рас, көздеген межеге қол жеткізе алмағандары да бар. Дегенмен алғашқы екі күндік тестілеудің қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орташа балдық көрсеткіші – 87,6, былтырғымен салыстырғанда едәуір жақсы. Атап айтсақ, алғашқы лекте жеті пунктте тапсырған 2433 мектеп бітірушінің орташа балы 86,7 пайызды құраған. Бұл күні ең жоғары балды Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының түлегі Ұлдана Әбілова жинады. Ол максималды 140 балдың 136-сын иеленген. Әлбетте бұл Ұлдананың ғана емес, өзі оқыған білім ошағы мен облыс үшін де үлкен қуаныш десек болады. Облыстық білім басқармасының бас маманы Жанна Қалыбаеваның айтуынша, екінші лектегі талапкерлер де тестілеуде жақсы нәтиже көрсеткен. Бұл күні ҰБТ төрт пунктте өтіп, Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу аудандары мен облыс орталығындағы дарынды ұл-қыздарға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейлерінің 778 мектеп бітірушісі өз білімдерін тексерді. Олардың жалпы орташа балы 92,7 пайызды құраған. Айта кету керек, дарынды қыздар шоғырланған білім ошағының орташа балы – 112,9 пайыз, ал ұлдар лицейінің орташа балы – 106,9 пайыз. Екінші лекте тапсырғандардың ішінде де ең жоғары көрсеткіш – 136 балл. Бұл нәтижеге Мойынқұм ауданындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Аружан Мақсұтбекқызы жетіп отыр. «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Аружан өз білімін дәлелдеді. Енді өзі армандаған жоғары оқу орнына оқуға түсері анық. Үздік талапкер алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды көздейді. Екі күнгі тестілеудің қорытындысы бойынша түлектердің 1010-ы 100-ден жоғары балға қол жеткізген. Бұл – екі лектегі тест тапсырушылардың отыз пайызға жуығы. Тестілеу әлі де жалғасуда. Кеше алты пункт бойынша барлығы 2068 түлек ҰБТ-ға қатысты. Олардың қатарында Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандары және Тараз қаласының мектеп бітірушілері бар.
Жанғазы Ахмет
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді