Нұрсұлтан Назарбаев:
Бүгінгі таңда ел қамынан басқа қандай мүдде болуы мүмкін? Сондықтан елдің ақыны да, әкімі де бір мақсатты көздеуі керек. * * * Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. * * * Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. * * * Тарихты тудырушы да, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау-бұлағы да – халықтың өзі. * * * Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады. * * * Бірлік – біздің қасиетті туымыз. * * * Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды. * * * Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. * * * Ғасырлап күтіп, әзер қол жеткен азаттықтан айырылып қалмау үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек. * * * Ордабасы биігінде бар қазақтың басын қосып, тірі қалу үшін ірі болу керектігін, ірі болу үшін бір болу керектігін ұрпақтан-ұрпаққа ұқтырып кеткен үш ұлы биіміз – Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би де алдымен қазақтың бар баласының азаттықты мұрат тұтуын қамдаған. * * * Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры қазақтарға тән асыл қасиеттерде жатыр. * * * Қашанда, қай істе болсын ханы мен халқы бір болып, тұтастық құрғанда мемлекет нығайып, ел ырысы тасады; ал халқы қолдамай, ханы халқын қорғамай, өзімшілдік өктемдік алып, өзара талас-тартысқа түскенде мемлекет әлсіреп, ел ырысы қашады.
Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта. * * * Көп ұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. * * * Өзгенің төріне шығу үшін өзің де мейманыңа төріңнен орын бер. * * * Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады. * * * Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер – мүдде бірлігі. * * * Көршілік хақысы мүдделерді біріктірмей қоймайды. * * * Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, ала алған емес, қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсіреген, күшейсе – бірліктен күшейген. * * * Қазақ өзімен өзі тату болмай, өзгемен ешқашан да тату бола алмайды. * * * Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. * * * Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алу керек. * * * Кез-келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек. * * * Тарихтың тағылымы бізден ел қамын ойлар естілікті тілейді. * * * Айқайшыл күшіңмен емес, игілікті ісіңмен таныл. * * * Ұлттық намыс – ұлы ұғым. * * * Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек. * * * Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі. * * * Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар; Әлемде егемен Қазақстан бар; Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар; Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар; Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар; Сол күнге берік сенімі бар!
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді