Егемен елдің тәуелсіздігін, теңдігін,
Жасампаздығын, бірлігін, шексіз ерлігін, Байрағын желпіп, буғанын мықтап белдігін – Мақтаныш етер келді күн!
Түңлігін түріп, түсірмей оттан қазанын, Шаттыққа бөлеп, қайнатқан уақыт базарын, Қайраты – калың, қуаты – қайнар қазағым – Қазағым үшін мақтанам!
Аспаным – ашық, ертеңім – айқын болғасын, Сенімім – серік, адалдық – әркез жолдасым, Елім деп туған, ел үшін туған Елбасым – Елбасым үшін мақтанам!
Елбасым бастап, жұмыла халқым қоштаған, Азулыны да айбыныменен жасқаған, Аударды әлем назарын өзіне Астанам – Астанам үшін мақтанам!
Бір жағадан бас, шығарып жеңнен қол ұшын, Жер шарын тербеп татулық пенен келісім, Сара жол салған саммиттің таттық жемісін, Мақтанам бүгін сол үшін!
Еуразиялық экономика ұйымы Ынтымақтастықтың мүддесіменен ұйыды, Ғасырлар бойғы бітпеген жылдар жырының Ордамда жасалды түйіні.
Қарусызданған ғаламның тауып қалауын, Олимпиаданың ақ қарға жағып алауын, Азияданың көтердік көкке жалауын – Жақсылыққа оны баладым.
Дәлелдеп бәрі бұла күш барын тегінде, Тамсантты жұртты чемпиондарым менің де, Әнұраным асқақ шырқалды Лондон көгінде – Тұманды Альбион төрінде!
Заманауилық өркениеттіктің тізгінін Ұстаған төрткүл дүние сүйер үздігін, Біріккен Ұлттар Ұйымына да біз бүгін – Танытқан елміз ізгі үнін.
Көп ұлтты елмін – көгінде ортақ шаңырақ, Арманым да көп – жұлдыздай жанған жамырап, Жайылған алдан жеткізер оған жолым ақ, Жігерімді менің жанып ап!
Дағдарыстырған дүрмектер қалып бар қиын, Қалтарыстардан қар барысындай қарғиын, Қамығып Ана үзбесін айтар әлдиін! Бақытқа толсын мәңгі үйім! Әумин!
Үміт БИТЕНОВА, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді