Рахмет саған, туған ел!
Бәйтерегім сен едің
Бір бүршігің мен едім. Қолым қысқа демедің, Қолтығымнан демедің Рахмет, туған ел!
Қазақ деп соққан жүрегім, Қазығыңның бірі едім. Тайғағында тағдырдың, Табанды саған тіредім Рахмет, туған ел! Рахмет саған, туған ел!
Қасиетім, киелім, Жаралған сенен сүйегім. Арқардай ауып жүргенде, Арқамды саған сүйедім Рахмет саған, туған ел!
Еркеледім, есірдім, Ессіз-көзсіз көсілдім. Еңіреп кетті-ау есіл күн, Бәріңді сол кешірдім. Рахмет, туған ел!
Балалығым қалса да, Қателік деген қаншама. Жүрмін ғой әлі еркелеп, Шашымды ақ шаң шалса да. Рахмет, туған ел! Рахмет саған, туған ел!
Нарша ҚАШАҒАНОВ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




