Ақындар аламаны аяқталды
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық «AQ JOL» газеті Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бірлесіп ұйымдастырған «Арқа төсіндегі арман қала» атты газет-айтыс аяқталды.
Жыр аламанына келісім бойынша қатысқан алты ақын үш жұпты құрап, 5 айға жуық уақыт сөз сайысын қыздырды. Алғаш боп қаңтар айында таластық Ербол Қамбатыров пен байзақтық Дархан Әбдіманат айтысса, екінші жұп сарысулық Алик Бекмұсаев пен тараздық Райхан Алмасбекқызы да қолдарынан келгенше әдемі сөз сайысын жасауға тырысты.
Төкпе өлең төгілген жыр додасын сәуір айында жамбылдық Нұрлыбек Құрманов пен жуалылық Қанат Мырзахан қыздырып бақты. Соңғы жұптың сөз тартысы 5 маусым күні түйінделді.
Әуелде хабарлағанымыздай жүлдегерлердің бірін қазылар алқасынан бөлек газет оқырмандары шешеді. Ал жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттау Астана күні қарсаңында өткізіледі. Ендеше 25 маусымға дейін алты ақынның ішінде кімді үздік деп танысаңыз, соған дауыс беріңіз. Қолдау көрсетіңіз, патша көңілді оқырман!
Дауыс беру тоқтатылды. 25.06.2018 жыл
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




