1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Тараз қаласындағы «Достық» алаңына жиналған бүлдіршіндердің жанарларынан шаттықтың табы сезіліп тұрды. Аңғал да адал жүрек иелерінің жанарларынан тазалық, мейірімділік атты ұғымдар ұшқындап тұрғандай.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="69853,69843,69840,69839"]Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің жүрегіне айналған Астананың 20 жылдық мерейтойына үлес қосу мақсатында балалар мен жастар музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі ұйымдастырылды. Балалардың бойында эстетикалық, патриоттық сезімдерді арттыруды көксеген шараға облыстың барлық өңірлерінен талантты, талапты жастар қатысты. Шеруге қатысушы ұжымдардың әр бөлігінде кем дегенде 103 адам жүріп өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Шараны 60 жылдық тарихы бар М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенттері бастады. Көптеген халықаралық, республикалық спорт және өнер аламандарында қатарынан оза шауып жүрген оқу орны студенттері дауылпазда шебер ойнап, әдемі көріністер көрсетті. Сондай-ақ ТИГУ жастарының, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі студенттерінің, №13 темір жол колледжінің талантты өрендерінің шеру барысында көрсеткен өнерлері де көпшілік көңілінен шықты. Мұнымен қоса, барлық аудандардан келген бүлдіршіндердің де ерекше дайындықпен келгені аңғарылып тұрды. Сонымен қатар талай білім, өнер додаларында толайым табыстарға қол жеткізіп жүрген «Дарын» мектеп интернатының, Бауыржан Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының түлектері де шараға белсенді қатысты. Талабы таудай талантты балалар өнерлерін ортаға салған шеру жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны қуантты. Ең бастысы, балалар төл мерекелерінен әдемі әсермен қайтты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




