Ресейдің тоғыз өңірінде 560 елді мекен жарықсыз қалып отыр
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2018
- 842
Ресейдің алты өңірінде алапат дауылдан кейін электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, бірақ әлі 9 өңірде тұрғындар жарықсыз отыр. Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресейдің 9 субъектісіндегі 560 елді мекен электр жарығынсыз отыр. Тәулік ішінде алты субъектідегі 813 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілді», - деп мәлімдеген ведомство өкілдері. Еске сала кетейік, табиғаттың тосын мінезінен Ресейдің 19 өңірі зардап шекті. Алапат дауыл 120 тұрғын үйдің және әлеуметтік маңызы бар 30 нысанның төбесін ұшырып, 90 автокөлікке зақым келтірді. Апат салдарын жоюға 3,5 мың адам, 1,1 мың техника жұмылдырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




