Ұлыбританияда пойыз машинисі тізбекті шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті. Лондоннан 446 шақырым қашықтықтағы Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шыққан пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан. Негізінде ол солтүстіктен оңтүстікке қарай жүруі керек болған, яғни соңында Лондоннан 60 шақырым жердегі Рединг қаласына баруы тиіс еді. Алайда Донкастердегі оқиғаға байланысты ол айналма жолға түскен. Белгісіз себеппен дұрыс бұрылмай, оңтүстікке емес, батысқа кеткен. Машинист қателескенін тек Уэст-Йоркшир графтығындағы Понтефракт қалашығына келгенде байқаған. «Мен қазір жоғалып кеткен пойыздың ішіндемін, шамамен Понтефракттамыз, – деп жазды жолаушылардың бірі Twitter желісінде. – Машинист дұрыс жолды таңдамағаны үшін біз осында тұрып қалдық. Мұндай болады деп кім ойлаған?». Жолаушы қыздың айтуынша, осы мәселенің шешілгенін жүзден аса жолаушы күтіп отыр екен. Понтефракт қалашығында пойыз кері айналып, жолайрыққа қайтып келіп, тағы шатасқан. Шамамен осыған бір сағат кеткен. Саут-Йоркшир графтығындағы Шеффилд қаласында жолаушыларды түсіріп кеткен. Олар Бирмингемге дейін жетіп алуға мүмкіндік алды. Бирмингемнен Редингке басқа пойызбен 1 сағат 40 минутта жетіп алуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




