Облысымызда Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобаның бірі – Хантау цемент зауыты. Құрылысты 2010 жылы қолға алған «AGIG» АҚ қаржы тапшылығы және басқа да себептерге байланысты жобаны соңына дейін жүзеге асыра алмады. Оны іске қосу үшін «Юг Цемент Строй» ЖШС 5,35 миллиард теңге жұмсады. Таяуда Мойынқұм ауданынан Хантау цемент зауытында цемент өндіру үшін негізгі шикізаттың бірі болып табылатын клинкер өндіру жөніндегі желінің жұмысын бастағаны туралы қуанышты хабар жетті.
Аталған желі тәулігіне 1200 тонна өнім өндіре алады. Жақында кәсіпорында цемент өндіру қолға алынады. Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде жылына 500 мың тонна сапалы цемент шығарады. Ондаған жаңа жұмыс орны ашылады.
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




