«Нұрлы жер» бағдарламасының ел тұрғындарының тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандырып, баспана жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жоба екені баршаға мәлім. Бұл – 2015-2019 жылдар аралығында жүзеге асырылуы жоспарланған инфрақұрылымды дамытуға арналған жоба.
«Нұрлы жер» алдағы 15 жыл бойы жүзеге асырылмақ. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз бойынша жылына 40 мың пәтер салынған болса, енді жаңа бағдарлама аясында жыл сайын 100 мың пәтер пайдаланылуға берілмек. Осының арқасында 15 жылда 1,5 миллион отбасын баспанамен қамтамасыз етуге болады. Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облигациялық құнды қағаздар шығару арқылы Тараз қаласындағы 43,8 мың шаршы метрлік аумақта 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 2017 жылы 1,8 миллиард теңге бөлініп, ол толығымен игерілген болатын. Былтырдан өтпелі және биылғы тұрғын үй құрылысы жұмыстарына барлығы 3,23 миллиард теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарының басым дені Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы жер телімдерінде жүргізілуде. Сондай-ақ халықтың әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз «Арай» алқабы мен «Бәйтерек» шағын ауданынан бой көтеретін тұрғын үй кешені 3 нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 1 531,302 миллион теңге бөлініп, игерілуде. Бұл биыл пайдалануға берілмек. Осы ретте аталған бағдарлама аясында Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы «Арай», Тараз қаласындағы «Барысхан», Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқаптары мен «Бәйтерек» шағын ауданының бірқатар жер телімдерінің инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдарын дамытуға республикалық бюджет есебінен тиісінше қаржы бөлінгенін атап өткен жөн. Бүгінге дейін 2005-2006 жылдары кезекке тіркелген тараздық тұрғындар арасынан 565 адам қанатқақты жобаға қатысуға шешім қабылдап, өтініштерін қалалық әкімдікке жолдап үлгерді. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының шартына сәйкес 205 қатысушы жаңа үйге қол жеткізеді деп күтілуде. Яғни биыл да қоныс тойы көп болмақ.
Әділет АХАТАЕВ, облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді