Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға он шығармашылық ұжым қатысып, бақ сынады. Олардың өнерге деген құлшыныстарына тәнті болдық. Алайда жарыста жүзден жүйріктің озатыны белгілі. Атап айтқанда Қордай ауданының «Қордай» халық театр ұжымы «Ант» драмалық қойылымын қойып, жүлделі бірінші орынды иеленсе, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Жалынды жастар» театр ұжымы «Тастандылар» және Сарысу ауданының «Жас талант» театр ұжымы «Керқұла атты Кендебай» шығармашылық қойылымдарын ұсынып, екінші орынды иеленді. Сондай-ақ мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының «Арлекин» қуыршақ театры, Байзақ аудандық «Шаңырақ» театры және Шу аудандық қуыршақ театры ұжымдары үшінші орынды өзара бөлісті. Шара соңында мәдениет саласының ардагері Есілбек Бимырзаев пен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ұлан Абзалиев сөз сөйлеп, өнер ұжымдарының шығармаларына баға берді. Жеңімпаз және жүлдегер әртістерді қазылар алқасының мүшелері, Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Зиба Құламанова марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Е.Жаңабайұлы
Ұқсас жаңалықтар
Мәдени жетістіктер - руханияттың жемісі
- 9 қаңтар, 2025
Адамдарға нұр сыйлаған орталық
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді