Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Burabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі 15 маусым – 4 шілде аралығында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткізіледі. Фестивальдың ережесіне сәйкес, облыстық іріктеу кезеңі мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта өтті. Тараз қаласы және аудандардан жиналған 250-ден аса талапкер «Дәстүрлі ән айту», «Көркемдік оқу», «Ансамбльде ойнау», «Хореография», «Вокал», «Аспапта ойнау» аталымдары бойынша шын жүйрікті анықтады. Қазылар алқасының шешімімен «Аспапта ойнау» аталымы бойынша Жамбыл ауданының үміткері Сұлтан Әлімқұл (домбыра аспабы) мен байзақтық Қалмырза Рахымбердиев (аккордеон) бас жүлдені иеленді. «Ансамбльде ойнау» аталымында да Жамбыл ауданының «Көкіл» домбырашылар ансамблі жеңімпаз атанды. «Хореграфия» аталымы бойынша меркілік «Жібек жолы» би тобының өнері өзгелерден оқ бойы озық тұрды. «Вокал» аталымында жеке дауыста облыстық іріктеу кезеңі мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың тыңдаушысы Әрсен Сәрсебек бас жүлдені олжалады. «Топтық вокал» аталымында аталған орталықтың «Балапан» тобы топ жарды. «Көркемсөз оқу» бойынша тараздық Бақдәулет Нұртаев, «Дәстүрлі ән» аталымында тараздық Дилназ Ералиева бас жүлдені иеленді. Осы жеңімпаз оқушылар 15 маусым – 4 шілде аралығында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өтетін «Burabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестиваліне жолдама алды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




