«Ақ жол» газетінің 2014 жылдың 17 мамырындағы №72-74 нөмірлерінде «Өмір және өркениет» айдарымен жарияланған тілші Болат Жаппарұлының «Әмбебап мал базары Тараз қаласының қай тұсынан және қашан ашылады?» атты проблемалық мақаласына орай Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Сүгірбеков жауап берді. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті редакциясына «Өмір және өркениет» айдарымен берілген «Әмбебап мал базары Тараз қаласының қай тұсынан және қашан ашылады?» атты мақаласы бойынша Сізге төмендегі мән-жайларды хабарлайды. Аталып отырған мақалаға нақты жауап беру мақсатында, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2014 жылдың 4 маусымында №17-1399 шығысымен Тараз қаласының бас жоспарына сай, мал базарына арналған жер телімін Тараз қаласының қай аумағынан бөлуге болатыны жөнінде, егер жоғарыда көрсетіліп отырған мәселе Тараз қаласының бас жоспарында көрсетілмеген болса тез арада сәулет-қала құрылысы кеңесі отырысына талқылауға ұсыныс енгізу жөнінде хат жолданған. 2014 жылдың 6 маусымында қала әкімінің қатысуымен өткен сәулет қала құрылысы кеңесі өткізілді. Қазіргі таңда «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынан Тараз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына «Алматы-Ташкент» айналма жолының бойындағы «Химпром» АҚ-ның маңынан яки «Алматы-Ташкент» айналма жолының бойындағы бұрынғы «Былғары аяқ киім» комбинатының тазарту құрылымындағы жер теліміне жаңа мал базарын орналастыру мүмкіндігі туралы келісім беру жөнінде хат жолданып отыр. Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген мекемелер тарапынан келісім берілген жағдайда жаңа мал базарын ашуға нақты жер телімдері белгіленіп берілетін болады».
Б. Сүгірбеков, Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді