Ақсақалын ардақтаған ел азбайды

Ақсақалын ардақтаған ел азбайды
ашық дереккөз
Ақсақалын ардақтаған ел азбайды

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – адамшылықтың ең жоғары қасиеттері. Өйткені, адамның көңілінен нәзік ешнәрсе жоқ. Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін бәріміз де жақсы түсінеміз. Екі жүз бес тұрақты тұрғыны бар Тараз қаласындағы «№2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарттар мен мүгедектерге халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 6 бағыты бойынша қызмет көрсетіледі. Соның бірі – әлеуметтік мәдени бағыт. Бұл бағытта 2 мәдени ұйымдастырушы және 1 музыкалық жетекші жұмыс жасайды. Егде адамдарға жалғыздықты бастан өткермеуге, тұйықтықты сейілтуге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру, достық қатынастарды орнатуға көмектесу, мұражайлар мен кинотеатрларға, көрмелерге, мәдениет үйлерінде болатын концерттерге, театрда өтетін қойылымдарға, табиғат аясындағы демалыстарға, саябақтарға, қысқы баққа алып бару, туылған күндерімен құттықтау, әр атаулы мерекелерге орай іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік мәдени бағыттың басты мақсаттары болып табылады. Мекеменің ұйымдастыруымен жылына бірнеше рет спорт түрлерінен жарыстар және спартакиадалар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, интернатта шахмат және дойбы үйірмесі бар. Оған қатысушылардың жетістіктері де жоқ емес. Мәселен, интернат үйінің тұрғыны, 1-топ мүгедегі Талғат Аманбеков жұбы – биші Толғанай Төребекпен қоларбада спорттық биден Астана қаласында өткен «Астана OPEN 2014» Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, чемпион және спорт шеберіне үміткер атағын иеленіп қайтты. Сондай-ақ, олар Ресей Федерациясының Набережные Челны қаласына халықаралық фестивальге барып бақ сынады. Бұл мүгедек арбасына таңылған жап-жас жігіттің өмірге деген көзқарасын өзгертіп, құлшынысын арттырды. Интернатта өнерге жақын ата-апалардан құрылған «Колокольчик» көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Аталған үйірменің мүшелері республикалық, облыстық және қалалық ән фестивальдеріне қатысып, түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарды иеленуде. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» демекші қарттарға әрқашан қамқорлық көрсете білейік.

Эльмира Қараулова, Зарина Таучанова, мәдени ұйымдастырушылар.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар