Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап оқу арқылы білімімізді молайтып, үлгі-өнеге, тәрбие аламыз. Кітап – адамның жан азығы. Осы жан азығы өзіміздің адам болып қалыптасуымызда маңызды рөл атқарса, кітап оқу арқылы рухани байлығымыз, дүниетанымымыз кеңейіп, ішкі әлеміміз тазарады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп кітапханасының қорын көркем әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру, оқушыларды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында мектебімізде «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті. Шара аясында білім ордасын осыдан 50 жыл бұрын бітірген мектеп түлегі Убайда Амангелдиев мектеп кітапханасына өзінің жеке қорынан 2 миллионнан аса теңгеге бағаланған, 690 дана әдеби, тарихи және басқа саладағы кітаптарды тарту етті. – Мендегі мектепке сый тарту арқылы атымды шығарсам деген мақсат емес, қолымнан келгенше келешек ұрпаққа, білім алған ордама, туған ауылыма шапағатымды тигізсем деген ой, – дейді Убайда Иманәліұлы. Мектеп бітіргеніне 50 жыл болған Убайданың туған жеріне, мектебіне деген ыстық ықыласын «шәкірттік парызым» деп санауы тәрбиелік маңызы зор іс деп білеміз.
Жамила ҚҰЛЫМБЕТОВА, Түгіскен орта мектебінің кітапханашысы.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




