
Бір хадисте: «Ғайбат айту, сөз тасу, жалған куәлік ету, бөгде адамға (ер болса әйелге, әйел болса ер кісіге) нәпсілік құмарлықпен қарау Оразаны бұзады», – делінген. Алайда Имам Ағзам Әбу Ханифа хадисті: «Аталмыш күнәлар мәкрүһ амалға жатады. Яғни, Оразаның өзін бұзбағанмен, оның сауабын кемітеді» деп түсіндірген. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім ауыз бекіткенімен жаман қылықтарын қоймаса, оның Оразасы бекер», – деп Ораза сауабынан айырылатыны ескертілген (Бұхари, Саум 8). Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ораза – тозақтың қалқаны, ғайбатпен бұзылмайынша қорғайды. Ораза ұстаған адам надандықпен жаман сөз сөйлемесін. Егер ол біреумен сөзге келіп қалса «Мен - Оразамын» десін», – деп мұсылмандарды Ораза кезінде ерекше сабырлылыққа шақырған (Бұхари, Саум, 9). Қорыта айтқанда, жаман қылықтар Оразаның сауабын кемітеді. Жоғарыда аталған харами әрекеттерден нәпсіні тізгіндеуге тырысу, жақсы ойда жүру әрі тілімізбен зікірде болу мәндүп амалдарға жатады. Сондай-ақ, көз бен тілімізді шариғатымыз тыйған нәрселерден қорғағанымыздай, құлақ, қол, аяқ, т. б. ағзаларымызды да қорғай білуіміз керек. Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін Ораза сендерге де парыз етілді», – деп Ораза ұстау арқылы тақуалыққа жету негізгі мақсат екені білдірілген («Бақара» сүресі, 183 аят).
Ұқсас жаңалықтар
Білімді, тәрбиелі жастар – ел болашағы
- 22 мамыр, 2025
Отан үшін от кешкен Оразбек ата
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді