Оралда футболдан әлем чемпионатын болжайтын көріпкел мысық пайда болды
- author «Ақ жол»
- 1 шілде, 2014
- 843
Сюзи есімді оралдық мысық Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты ойындарының нәтижесін болжайды, деп хабарлады «Уральская неделя».
Сюзи өзге көріпкел жануарлар секілді бәсекеге түскен құрамалардың аты жазылған қағаз жапсырылған ыдыстағы тағамды таңдау арқылы болжайды екен. «Сюзидің мүмкіндіктерін алғаш рет мамыр айында тексеруге бел будым. Ол кезде Германия кубогының ақтық сыны өтіп жатқан еді. Дортмундтың «Боруссия» командасы мен «Бавария» арасындағы ойында мысық соңғысы жеңіске жететінін алдын ала болжады, – дейді жануар иесі Әлихан. – Одан кейінгі ойындарды да мысығым қатесіз болжап отырды. Тек бір рет қана қателесті». Алайда, Әлиханның сөзіне қарағанда, биылғы әлем чемпионатында Сюзи әлі қателескен жоқ. Ал журналистерге алдағы ойындардың нәтижесі керек. Мексика мен Нидерланды кездесуінде Сюзи голландықтарға басымдық берген болатын. Оралдық мысықтың болжамы дәл келіп, голландықтар ширек финалға жолдама алғанын еске сала кетейік. Ал Франция мен Нигерия бәсекесінде ол француздар топ жарады деп болжады. Мысықтың көріпкелдік қасиетін бүгін тексере аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




