
Ұзақ жыл жүргізуші болып еңбек еткен Сабыр Арықбаев үйінің іргесінен 9 гектар жер алып, бау-бақша еккенде «бос әурешілік, жаздың аптап ыстығында күйіп кетеді, өйткені, Таластың суы бұрынғыдай мол емес» деп сәуегейлік айтқандар да болды. Оларға қолды бір сілтеп қызанақ, сәбіз, картоп, тағы басқа бақша дақылдарын екті.
Алғашқы 2000 жылдың өзінде мол өнім алды. Өздерінен артылғандарын базарға шығарды. Биылғы еккен бақша өнімдері де жайқалып келеді. Он шақты адам еңбек етіп жүрген Сабырдың бақшасына келгенімізде «күн айналып жерге түсердей» жанып тұр екен. Күннің ыстығына қарамай бастарына ақ орамал байлап алған жұмысшылар бақша дақылы арасындағы арамшөпті отап, су ағатын арық көздерін аршып жүр. Сабыр да сонда. Жүзін күн қаққан дихан әңгімешіл болып шықты. «Құдайдың берген бес балам бар. Тұңғышым Айгерім тұрмыста. Одан кейінгі Сәкен, Мұхтар және Мөлдір қашан жиын-терін болғанша осында жүреді. Кемпірім екеумізге үлкен қолғабыс, – дейді С. Арықбаев. Жасыл алқапты бірге аралап келе жатқан жолбасшымыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағымбеков: «Сақаң нағыз бейнеттің адамы. Ерте көктемнен бастап, күзге дейін бір тыным алмайды. Қашан келсек те бақшаға су салып, арық-атыздардың көзін ашып жүргені. Балалары да осында жүр, – дейді.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол»,
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақшаң болса акция сатып ал
- 26 маусым, 2025
Бюджетті тиімді игеру жағынан алдыңғы орындамыз
- 26 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді