«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және 1 мамыр – Ынтымақ пен бірлік күні мерекесі қарсаңында облыс орталығында мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында «Тәуелсіздік. Бірлік. Татулық» атты республикалық патриоттық әндер байқауы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан келген күзет қызметкерлері қатысып, халық әні, қазіргі заман әндері бойынша сынға түсті. Бағалаудың негізгі критерийлері ретінде репертуардың шығармашылық бағыты (тақырыбы), орындау шеберлігі, әртістік қабілеті мен стилі, сахналық киімі назарға алынды. Байқау нәтижесінде жеке орындаушылар арасында І орынды жезқазғандық Ш.Ахметов, ІІ орынды қарағандылық Ж.Сарсембаев, ІІІ орынды шымкенттік С.Шегебаева иеленді. Ал «Топ әншілері» аталымы бойынша І орыннан жамбылдық «Сақшылар» хоры көрінсе, кейінгі орындарға Алматы облысының «Жетісу», Алматы қаласының «Күзет қырандары» тобы ие болды. Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен, бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Алмас Боранғазиев, полиция майоры.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




