«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңашылдық кітапхана ісін жандандырады

Жаңашылдық кітапхана  ісін жандандырады
ашық дереккөз
Жаңашылдық кітапхана ісін жандандырады

Егемен елімізді дамытудың жаңа сатысында білімді, ізденімпаз оқырмандар үшін рухани талабын қанағаттандыратын кітапхананың рөлі төмендемейтініне сенім мол. Ал рухани жаңғыру кезеңінде толымды дүние іздегендерге аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 1 аудандық, 3 қалалық, 22 ауылдық филиалы оқырмандарға ұсынар қызметі арта түсері анық. Біздің аудандық орталық­тандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 423696 дана. Оның 221103-і мемлекеттік тілде. Сонымен қатар зағип жандарға кітап қорын өз игіліктеріне пайдалану үшін арнайы бөлім ашылған.Кітапхана жұмыстарын автоматтандыру жолға қойылып, оқырмандарға қызмет көрсету, кітап қорын өңдеу және толықтыру, ақпараттық-библиография, кітапхана ісін дамыту бөлімдері мен өнер жөніндегі әдебиеттер секторы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кітапханалар заман талабына сай құрылғы­лармен жабдықталып, оқырмандар санын арттыру бағытында игі шаралар қолға алынған. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің kitap.sarysu.zhambyl ресми сайты жұмыс істейді. Кітапханашылар виртуалды ортада өздерінің қызығушылықтары бойынша қауымдастықтар мен топтар құрып, өзекті тақырыптарды талқылайды, тәжірибе алмасады. Аудандағы 15 кітапхана әлеуметтік желілерде әдебиеттерге шолу жасап, ұйымдастырылған іс-шаралар туралы баяндайды. Бұл тек пиар үшін емес, рухани орданың жаңа имиджін қалыптастыруға септеседі. Кітапханада жергілікті авторлардың еңбектері және құнды қолжазбалар сандық форматқа көшірілуде. Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал. Оны қолдану кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін кеңейтеді, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдар жылдам табылады, әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады. Электронды каталог дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі. Ол – кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрамдас бөлігі. Кітапхана қорларының ғылыми және толықтай мазмұнын ашып тұр. Кітапхана оқырмандарына «Wi-Fi» желісін пайдалануға рұқсат берілген. Оқырмандар арасында өтетін көпшілік шараларда экран, проектор пайдалану үрдіске айналған. Мәселен, кітаптардың тұсаукесеріндегі слайдтар, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы әдеби вебинар, «Астана – арман қала» әдеби бульвары, «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» достық алаңы, «ЭКСПО – 2017» – Болашақтың энергиясы» көрме диалогі, «Оқырман қауым – бәсекеге қабілеттілік негізі» онлайн кеші, «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» экспресс әңгіме, «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу» ашық алаң шеңбері, «Келіні жақсының керегесі алтын» библиокафе, «Тіл – татулық тірегі» тілдік лабиринт және тағы басқа кештерде көрсетілген бейнефильмдер – кітапхана жұмысындағы ақпараттық технологияның дамып келе жатқанының айғағы. Жас ұрпақты, зияткер ұлтты, мемлекетшіл азаматты тәрбиелеу ісі қашанда маңызды. Сондықтан біз кітапханалық үлестірме материалдар, библиографиялық көрсеткіштер шығарып, өзекті мәселелерді қозғайтын семинар-кеңестер, зерделі тренингтер, білім жетілдіру курстары, жас кітапханашылар кеңестері, өзге де іс-шараларды ұйымдастырып, зерттеулер жүргізіп отырамыз. Айтбала ЖОЛМАХАНОВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар