Экономика
Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
- author «Ақ жол»
- 29 маусым, 2014
- 289

Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мұнда жамбылдық тауар өндірушілер 225 тоннадан астам өнімдерін ұсынды.
Сонымен қатар Алматы қаласының 40 сауда және тамақ өнеркәсібі мен «Алматы» ӘҚК қалалық жәрмеңкеге өз өнімдерін қойды.
Қалалықтарға бағасы базардағыдан 15-20%-ға төмен 50-ден астам тауар түрлері ұсынылды. Олар - ет, сүт, жеміс, көкөніс, шұжық, жарма, ұн, май және басқа да азық-түлік өнімдері, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Жәрмеңке деңгейі мен тауар сапасын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев бағалады. Оңтүстік астананың басшысы Жамбыл облысының тауарына алматылықтардың сұранысы жоғары екенін атап өтті.
«Алматы әкімдігінің негізгі мақсаттарының бірі - қала тұрғындарын сапалы тауармен қамтамасыз ету. Осы мақсатта әр түрлі аймақтардың жәрмеңкелері 2008 жылдан бері өткізіліп келеді», деп хабарлады әкімдіктен.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді