Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» атты фестиваль өтті. Өнер додасына өңірдегі қолөнер шеберлері, кітапханашылар, музей мен клуб мамандары белсене қатысты. Шара барысында халықтық театр ұжымдарына, айтыс ақындарына, фольклорлық ансамбльдерге арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы негізінде өткен іс-шара саладағы ұйымдардың имиджін нығайтуды көздейді. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз сөйлеп, 21 мамыр – мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесі аясында өтетін республикалық фестивальға үздік өнерпаздар іріктелетінін тілге тиек етті. Фестиваль кезінде облыстық филармонияның өнерпаздары, аудандардан келген өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. «Алатау» тобы орындаған «Біз біргеміз!», Ғани Мәтебаев пен Маралбек Бабақұлов шырқаған «Туған ел» әндері және өзге көркемөнерпаздар бебеулеткен халық әндері жұртшылықтың жүрек қылын шертті. Шара барысында Катар астанасы Доха қаласында өткен сиқыршылар фестивалінде жасындай жарқырап, екінші орын иеленген «Балауса» циркінің белді сиқыршысы Талап Таубеков пен осы өнер аламанында қазылар құрамында болған Ілияс Рахманқұлов өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында фестивальға қатысқан барлық шығармашылық ұжымдар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- Бүгін, 14:32
Халық театрларының халі мүшкіл
- Бүгін, 13:40
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді