Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығарады
S-класындағы Pullman жаңа Mercedes автокөлігінің бағасы Rolls-Royce автокөліктерінің құнынан асып түсіп, 1 млн долларға жуықтайды. Олай болса, ол әлемдегі ең қымбат автокөлік атанбақ, деп хабарлады rbc.ru.
Автокөліктің комплектациясы мен техникалық көрсеткіштері туралы әзірге ақпарат аз. Компаниядағылар оның үш қатар орындығы болатынын және ол нарыққа 2015 жылы шығарылатынын ғана айтты. «Біз әлемдегі ең үздік автокөлікті шығармақшымыз», - деп атап өтті компания өкілі Диетр Зетхе. Оның сөзіне қарағанда, осы көліктің 12 нұсқасы шығарылады. Ал, олардың комплектациясы мен дизайны әралуан болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
- 25 ақпан, 2026
Бірлескен бастамаларды қолға алуға дайын
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




