Астанада «Нотр Дам де Пари» мюзиклі тұңғыш рет қазақша қойылады
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2018
- 1.0k
«Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы «Нотр Дам де Пари» мюзиклінінің бас продюсері Николя Талармен кездесті. «Біз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды талқыладық. «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті сахналаған «Астана Мюзикл» мемлекеттік концерттік ұйымы «Нотр Дам де Пари» мюзиклін тұңғыш рет қазақ тілінде көрерменге ұсынады. Әйгілі мюзиклдің 20 жылдығы Астананың мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Астаналық театр үшін бұл – мол тәжірибе және зор жауапкершілік. «Нотр Дам де Пари» мюзиклі қала тұрғындары мен қонақтарына тосынсый болары және Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтары сөзсіз», – деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.
Ақпарат көзі:24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




