Батыс Еуропа-Батыс Қытай» даңғылымен танысты
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізінің басым бөлігі біздің облыстың аумағынан өтеді. «Жол – экономиканың күретамыры» демекші, елдің өркендеуі жолмен тығыз байланысты. Мұның сырын әсіресе, жол саласының қызметкерлері жақсы біледі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы жамбылдық бір топ жол қызметкерлері ардагерлеріне арнап, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізінің салынып біткен бірнеше тараптарының жұмысымен таныстыру мақсатында арнайы саяхат ұйымдастырды. Оған барлығы он ардагер шақырылды. Алдымен 483-536 шақырымға созылып жатқан «Алматы-Ташкент -Термез» автомобиль жолын көрдік. Кездесуге осы құрылыс жұмыстарын жүргізген «КОКС» және «КСС» мердігер компанияларының басшылары да келді. Одан әрі саяхат Меркі ауданы аймағында жалғасты. Одан әрі жаңа жолдың бойымен жүріп отырып, Қордай ауданына келдік. Жолда бізді «КСС» құрылыс компаниясының өкілі Ким У Гын және басқа да жол мамандары қарсы алып, жолдың жайымен таныстырды. Арнайы жасалған слайд көрсетіп, құрылысы аяқталған жол бөлігінің қазіргі бейнесін егжей-тегжейлі көрсетті.
Саяхат екі күнге созылды. Ертеңіне Қордай асуындағы айналма жаңа автожолды көрдік. Мұндағы жұмыстарды жүргізіп жатқан «Дженгиз Иншаат» компаниясы екен. Оның жетекшісі Мехмет Сами Буданджаманак бізге жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы жөнінде қысқаша баяндап берді. Бұдан басқа да бірнеше жерді араладық. Байырғы жол қызметкерлері сапар барысында жолдың келбетіне риза болып қайттық. Бұл жол толық соғылып біткеннен кейін, алдағы уақытта халыққа қызмет ететін болады.
Есеналы Садықов, зейнеткер.
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді